Реферат: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Ғылым комитеті


АҚПАРАТТЫҚ ХАТ


Д.А. Қонаевтың 100 жылдығына арналған

«ДІНМҰХАМЕД АХМЕТҰЛЫ ҚОНАЕВ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДӘУІРІ»

атты республикалық ғылыми-практикалық конференция

2012 жылы 10 ақпан сағ.9.00


Конференцияның өтетін орны: Астана қ., Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, ҚР Тұңғыш Президентінің мәжіліс залы, 10 ақпан 2012 ж.

Конференция мақсаты: Ірі мемлекет қайраткері Д.А. Қонаевтың сан қырлы қызметінің нәтижелерін жаңаша пайымдау, Қазақстанның экономикалық дамуы, қоғамдық-саяси және мәдени өміріндегі рөлі мен сіңірген еңбегін объективті тұрғыда бағалау. Д.А.Қонаевтың ғылыми еңбектерін талдап, саралау.

^ Конференция міндеттері:

Д.А.Қонаев дәуірінде Қазақстан ғылымының дамуы. Ғылыми-зерттеу институттарының өсу-қалыптасу жолдары;

Д.А.Қонаевтың өндіріс ұйымдастырушысы, ғалым, партия және мемлекет қайраткері ретінде қалыптасу алғышарттары мен себептерін анықтау;

Д.А.Қонаевтың мемлекеттік және саяси қызметін дәуірдің экономикалық және қоғамдық-саяси ақиқатымен байланыста ашу;

Орталықтың Қазақстанға қатысты саясатының өзгешелігі мен ерекшеліктерін анықтау және оның Д.А.Қонаев өмір жолындағы көрінісі;

Д.А.Қонаев дәуіріндегі Қазақстан қоғамына тән қиыншылықтар мен қайшылықтарды талдау;

Отандық білім мен ғылымның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін мәселелері мен болашақ міндеттерін талдау.


Конференцияға қатысушылар:

Президент әкімшілігі мен ҚР Үкіметінің өкілдері;

ҚР Парламентінің депутаттары мен қоғам қайраткерлері;

ұлттық ғылыми кеңестер мүшелері;

ғылыми мекемелер мен ЖОО-ның жетекшілері;

отандық жетекші ғалымдар және БАҚ өкілдері;

Астана қалалық оқу орындарының оқытушылары.


Конференция модераторлары:

Ерлан Бәтташұлы Сыдықов – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор.

^ Ханкелді Махмұтұлы Әбжанов – Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор.


Конференция бағдарламасында:

Келесі мәселелерді талқылау жоспарлануда:

Д.А. Қонаев билігі тұсындағы елдің экономикалық және әлеуметтік–саяси дамуының негізгі бағыттары;

социализм дәуіріндегі қазақ зиялыларының тағдыры;

Д.А. Қонаевтың өмірі мен қызметі;

КОКП-ның Қазақстандағы ұлттық саясаты;

Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағы.

Б.А.Төлепбаев және К.Төлепбаеваның «Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев – аса көрнекті мемлекеттік және саяси қайраткер» кітабының тұсаукесерін өткізу.


^ Конференцияда екі секция жұмысы жоспарланған:

№ 1 секция: «Д.А. Қонаев және Қазақстан: тәуелсіздік алғышарттары»

№ 2 секция: «Тарихтағы тұлға және жасампаздық тағылымы»


^ Конференция жұмысы қазақ, орыс тілдерінде жүргізіледі.

Конференция материалдарының жинағы шығарылады.

Іс-сапар шығыны конференцияға қатысушылардың есебінен.


^ Баяндама мәтініне қойылатын талаптар

Жариялануға арналған баяндама мәтіні төмендегідей талаптарға сәйкес рәсімделуі қажет:

Баяндаманың көлемі 5 беттен (формат А4) аспауы тиіс.

Жоғарғы шегі-2 см, төменгі-2 см, оң-1 см, сол-3 cм.

Шрифт: Times New Roman, кегль – 14.

Қатараралық интервал – бірлік.

Баяндама тақырыбы ^ ҮЛКЕН ӘРІППЕН жазылады, содан соң парақтың ортасына таман автордың аты-жөні, жұмыс қай жерде, қалада (облыста) орындалғаны жөнінде үлкен әріппен жазылады.

Баяндама соңында әдебиеттер тізімі беріледі. Сілтеме «жақшаға» алынып қайталанған жағдайда реттілік нөміріне сәйкес пайдаланған әдебиеттің беті көрсетіледі, мәселен: [6, 2 б.].


Тіркелу формасы

Аты-жөні ___________________________________________________

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы________________________________

Жұмыс орны, қызметі _________________________________________

Мекен-жайы _________________________________________________

Байланыс телефоны __________________________________________

6. E-mail _______________________________________________________

7. Баяндама тақырыбы ___________________________________________

Секция ______________________________________________________


Электрондық пошта арқылы жібергенде электрондық хатқа ^ «ДІНМҰХАМЕД АХМЕТҰЛЫ ҚОНАЕВ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДӘУІРІ» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция _______________ (баяндамашының аты-жөні, тегі)» көрсетіледі.

Ұйымдастыру комитеті және редакциялық комиссия конференцияға баяндамаларды таңдау құқығын өзіне қалдырады.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: 010008. Астана қаласы, Мұңайтпасов көшесі, 5 үй. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ бас ғимараты

^ Байланыс телефондары: 8 (7172) 35-38-15

Баяндамалар және тіркелу нысаны 2012 жылдың 6 ақпанға дейін chultucova_is@enu.kz электронды пошта бойынша қабылданады.

Министерство образования и науки республики казахстан

комитет науки


^ ИНФОРМАЦИОННОЕ ПИСЬМО


Республиканская научно-практическая конференция

«Динмухамед Ахмедович КУНАЕВ И ЕГО ЭПОХА»,

посвященная 100-летию Д.А. Кунаева

10 февраля 2012 года 9.00 часов


Место проведения конференции: г. Астана, ЕНУ им. Л.Н.Гумилева, Конференц-зал Первого Президента РК, 10 февраля 2012 г.

Целью конференции является научное осмысление многогранной деятельности выдающегося государственного деятеля Д.А.Кунаева, объективная оценка его роли и вклада в экономическое, общественно-политическое, культурное развитие Казахстана. Анализ научных трудов Д.А.Кунаева.

^ Задачи конференции:

Развитие Казахстанской науки в эпохе Д.А.Кунаева. Пути развития и становления научно-исследовательских институтов;

Определение предпосылок и условий формирования Д.А. Кунаева как организатора производства, ученого, партийного и государственного деятеля;

Освещение государственной и политической деятельности
Д.А. Кунаева в контексте экономических и общественно-политических реалий эпохи;

Выявление своеобразия и особенностей политики Центра в отношении Казахстана и их отражения в жизненном пути Д.А. Кунаева;

Анализ трудностей и противоречий казахстанского социума в кунаевскую эпоху;

Обсуждение проблем и перспективных задач обеспечения конкурентноспособности отечественного образования и науки.


Участники конференции:

представители АП и КПМ РК;

депутаты Парламента РК и общественные деятели;

члены Национального научных советов РК;

руководители научных организаций и ректоры ВУЗ-ов;

ведущие отечественные ученые и представители СМИ;

преподаватели учебных заведении города Астаны.


Модераторы конференции:

Ерлан Батташевич Сыдыков – ректор Евразийского национального университета им. Л.Н. Гумилева, доктор исторических наук, профессор.

^ Ханкельды Махмутович Абжанов – директор Института истории и этнологии им.Ч.Ч. Валиханова, доктор исторических наук, профессор.

В программе конференции:

Обсуждение следующих проблем:

- Основные экономические и социально-политические напраления страны во время правления Д.А. Кунаева;

- Социализм в судьбах казахской национальной интеллигенции;

- Этапы жизни и деятельности Д.А. Кунаева;

- Национальная политика КПСС в Казахстане;

- Современность и будущее независимого Казахстана.


Проведение презентации книги Б.А.Төлепбаева, К. Төлепбаевой «Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев – аса көрнекті мемлекеттік және саяси қайраткер».


^ Планируется работа двух секций конференции:

Секция №1: «Д.А. Кунаев и Казахстан: предпосылки независимости»

Секция №1: «Личность в истории и уроки созидания»


^ Рабочие языки конференции – казахский, русский.

Планируется выпуск сборника конференции.

Командировочные расходы за счет участников конференции.


^ Требования к оформлению докладов

Доклад должен быть оформлен в соответствии со следующими требованиями:

1. Объем докладов не должен превышать 5 полных страниц (формат А4)

2. Верхнее поле-2 см, нижнее-2 см, правое-1 см, левое-3 cм.

3. Шрифт: Times New Roman, кегль – 14.

4. Междустрочный интервал – одинарный

5. Название доклада печатается по центру ^ ПРОПИСНЫМИ БУКВАМИ (ЖИРНЫМ ШРИФТОМ), инициалы и фамилия автора(-ов), название учреждения, где выполнена работа, город (либо область), печатаются по центру строчными буквами жирным шрифтом

6.Список литературы указывается в конце текста и составляется в соответствии с порядком упоминания работ. Ссылки на литературу оформляются в «квадратные» скобки, при повторе указывается порядковый номер и номер страницы, например [6, с.2].


Регистрационная форма


1. Фамилия, имя, отчество _______________________________________

2. Ученая степень, ученое звание _________________________________

3. Место работы, должность ______________________________________

4. Адрес _______________________________________________________

5. Контактный телефон __________________________________________

6. Е- mail ______________________________________________________

7. Название доклада ____________________________________________

8. Секция _____________________________________________________


При пересылке по электронной почте в разделе «Тема» электронного письма указать: Республиканская научно-практическая конференция «ДИНМУХАМЕД АХМЕДОВИЧ КУНАЕВ И ЕГО ЭПОХА» от_________(фамилия докладчика)».

Оргкомитет и редакционная комиссия оставляют за собой право отбора докладов на конференцию.

Адрес оргкомитета: 010008. г.Астана, ул. Мунайтпасова, 5, главный корпус ЕНУ им. Л.Н. Гумилева.

Контактный телефон: 8(7172) 35-38-15

Доклады и регистрационные формы принимаются до 6 февраля 2012 г. на эл.почту chultucova_is@enu.kz.
еще рефераты
Еще работы по разное