Лекция: Тәжірибелік жұмыс. Финанстық функциялар.
1.1- жаттығу.Салымшы банкке 10 жылға 27000 теңге соманы 13,5% жылдық проценттік ставкамен салды. Процент әрбір жартыжылдықта қосылып отырады. Болашақ соманы анықтаңыз.
1.Жұмыс кітабын Фин. Функциидеген атпен сақтаңыз;
2.Жұмыстық бетте Задача1.1 /17-сурет/ жасаңыз;
17-сурет
2. В бағанындағы сәйкес ұяшықтарға берілуі тиіс мәліметтерді жазыңыз;
3. Болашақ соманы есептеу үшін :
1- әдіс: формуланы пайдалану, яғни В6ұяшыққа=B5*(1+B3/2)^(B4*2) формуласы жазылады;
2-әдіс: Болашақ құнды есептеудің БСфинанстық функциясын қолдану:
- Курсорды В7ұяшыққа қойып Вставка->Функция командасы орындалады, Финансовые категориясынан БСфункциясы таңдалынады;
- БС функциясының терезесінде келесі мәліметтер енгізіледі: Ставка: B3/2; Кпер: B4*2; ПС: -B5
1.2 – жаттығу.Салымды 4 жыл бойы инвестициялаудың екі тәсілі бар:жыл басында 26% жылдық проценттік ставкамен немесе жылдың соңында 38% жылдық проценттік ставкамен. Егер, жыл сайын 300 000 теңге салынып тұратын болса салымшының есепшотында 4 жылдан кейін қанша сома болатынын екі тәсіл үшін табыңыз?
1. Екі тәсіл үшін де мәліметтерді кестеге енгізіңіз /Задача1.2, 17-сурет/;
2. Курсорды қажет ұяшыққа (Е6) орналастырыңыз;
3. Функциюны шақырыңыз;
4. Қажет параметрлерді енгізіп, орындауға жіберіңіз.