Лекция: Мәтіндік ақпараттардың берілуі.

Қазіргі компьютерлердің мониторы мәтіндік және графикалық — екі режимде жұмыс істей алады. Мәтіндік режимде әдетте экран әрбір қатарда 80 символ бойынша 25 қатарға бөлінеді. Экранның әрбір орынында арнайы құрылғы — белгігенераторымен программаланған 256 символдардың біреуі көрінуі мүмкін. Мәтіндік режимде экран мониторына мәтіндер және псевдографик символдарынан құралған қарапайым суреттер шығаруға болады.

Мәтіндік ақпаратты екілік кодтау кезінде әрбір символға оның коды — нөлдер мен бірліктердің белгілі бір санынан тұратын тізбек сәйкестендіріледі. Қазіргі кездегі ЭЕМ-нің көпшілігінде әрбір символға 8 нөлдер мен бірліктерден тұратын, байт (ағылшынша byte) деп аталатын тізбек сәйкес келеді. 8 нөлдер мен бірліктерден тұратын тізбектердің 256 түрі бар. Олардың көмегімен әр түрлі 256 символды кодтауға болады, мысалы, орыс және латын алфавиттерінің үлкен, кіші әріптері, тыныс белгілері және т. б. Байттар мен символдардың сәйкестігі кесте арқылы беріледі, онда әрбір код үшін сәйкес символ көрсетіледі.

Мәтіндік ақпаратты кодтау үшін ASCII коды қолданылады. Компьютерге мәтіндік символды енгізген кезде, мысалы, «А» пернесін басқанда, оперативті жадқа екілік код 01000001 беріледі. Символды экранға шығарған кезде кері кодталу (декодталу) жүргізіледі, өйткені оның екілік кодынан алынған символды біз экранда көреміз.

еще рефераты
Еще работы по информатике