Лекция: Машина тілі

Схемадан көрініп тұрғанындай программаны қандай тілде жазсақ та, ол аудармашы программаның жұмысының нәтижесінде ең соңында машина тіліне (машиналық кодқа) аударылады.

Аудару ағылшынша трансляция ( translation ) деп аталады, сондықтан программаларды машина кодына аудару жұмысын орындаушы программаларды трансляторлар деп атайды.

Сондықтан біздер қандай Бағдарламалау тілі туралы сөз болып отырғандығын білмей тұрып программаның көрінісінің қандай болатындығын айта алмаймыз. Оның есесіне кез-келген программа трансляциялаудан кейін машина кодына айналатынын білеміз. Компьютерге орнатылған барлық программалар машина кодына жазылған. Егер біз осы кодты көру тәсілін тапсақ, онда процессордың немен жұмыс істеп жатқандығын көретін боламыз.

Есепті компьютерде шығаруға даярлау технологиясы

Есепті компьютерде шығарудың негізгі кезеңдері

Есепті компьютерде шығару біраз бөлігі компьютерсіз жүзеге асырылатын мынадай негізгі кезеңдерден тұрады:

1. Есептің қойылуы:

— есеп туралыақпараттарды жинау;

— есептің шартын тұжырымдау;

— есепті шығарудың ақтық мақсатын анықтау;

— деректерді сипаттау ( олардың түрін, шамалардың ауқымын, құрлымын т.с.с. )

2. Есепті, моделдерді талдау және зерттеу:

— есептің бар ұқсастарын талдау;

— техникалық және программалық құралдарды талдау;

— математикалық модельді жасақтау;

еще рефераты
Еще работы по информатике